Үздіктер дәріптелген күн

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде замандастарынан оқ бойы алда білім алушыларды марапаттау шарасы өтті. Қысқы емтихандарды өте жақсы тамамдаған оқушылар нағыз жұлдызға айналды десек, қателеспейміз. І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында үздік білім алушы қауым қызыл кілем үстімен өтіп, көпшіліктің қошаметіне бөленді.IMG_4367– Колледждегі 507 шәкірттің 299-ы «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалармен аяқтады. Ал 36 оқушы емтихан-сынақтарды үздік тапсырғандар. Біздің тосынсыйларымыз мұнымен бітпейді. Алдағы уақыт бұдан да жақсы нәтижелермен жолығамыз деп сенемін, – деді оқу орнының директоры Жанділдә Мақанов құттықтау сөзінде.IMG_4396Үздіктер арасында бірнеше шәкірт 50 мың теңгенің атаулы стипентия иегерлері атанды. Ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин, колледждің алғашқы директоры В.Чумаченко, жерлесіміз, белгілі ғалым М.Қозыбаев атындағы стипендияларға ие болғандар жайында газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.IMG_4405
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓