Әлімхан Мырзахан – театр директоры
Биыл Қостанай облысының қазақ драма театрының құрылғанына 20 жыл! Ғасыр басында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен театрға Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілді.
20 жылдықтың басты жаңалығы – ұжымға жаңа басшы келді. Ол – белгілі өнер майталманы Әлімхан Мырзахан. "Қостанай таңы" газеті Әлекеңді жаңа қызметімен құттықтайды. Әріптестік байланыс арта берсін!
Әлімхан Мырзахан Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Жаңа Шілік ауылында дүниеге келді. 2001 жылы Қазақстанның халық әртiсi Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында «Театр және кино актерi» мамандығын тамамдаған соң І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры сахна шымылдығын түргеннен берi актер мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Ол театрдың ашылуына орай облыс әкiмiдігінің шақыртуымен, режиссер Ж. Есенбековтың жетекшiлiгiмен келген Алматыдағы өнер академиясының түлектерiнiң бiрi.
Сахнадағы негізгі рөлдері:
Ұлттық, Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Н.Хикмет « Фархат-Шырын» – Фархад (реж.Т.Жаманқұлов), Лопе де Веганың “Шөп қорыған ит” немесе “Батыстың махаббат машақаты” – граф Людовик (реж. Т.Жаманқұлов), І.Есенберлин “Хан Кене” – Қоңырқұлжа (реж. С.Асылхан), Б. Жәкиев “Әке тағдыры” – Сопай (реж. Қ.Есенғұлов), С. Жүнiсов “Махамбет” – Қарауыл қожа( реж. Ж.Есенбеков), , Ш. Башпеков “Шойын қатын” – Қошқарбек (реж. Ж.Есенбеков), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик ( реж. Қ.Есенғұлов), С. Балғабаев “Ең әдемi келiншек” – Алтай (реж.А.Уалиев), И.Сапарбай “Махаббат мейрамы” – Жарқын реж. Сейтмамытов), Т.Қоныратбай «Дала Шамшырағы» – Итемген (реж.Е.төлеубай), Е.Төлеубай «Женгетай» – Әпчән (реж. Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай» – Әбен (реж. Е.Төлеубай),Е.Төлеубай «С.Есенин» -Есенин (реж. Е.Төлеубай), С.Тұрғынбеков «Кейкі батыр» -Ібіліс (реж. Е.Төлеубай), А.Шаяхмет«Өкініш» – Шал (реж. Е.Қауланов), Р.Отарбаев «Айна Ғұмыр» – Кенже ұл (реж.Д.Құбаш) , Р.Куни «№13» – Ричард Уилли (реж. Е.Қауланов), Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» – Қорсанбай (реж.Е.Төлеубай), Ж.Әлмашұлы «Қайырымды қаладағы қарлығаштар» – Ақын (реж.Е.Қауланов), Н.Гоголь «Үйлену» – (реж.А.Баймахан), «Әнім сен едің» – Шәмші (реж.А.Баймахан), С.Досанов «Ақбас бүркіт» – Юсупов (реж. Қ. Бейшеналиев) т.б. сахналады
Кинорөлдері:
Режиссер «Бір сен үшін» –
Режиссер «Менің тағдырым» –
Режиссер « Статья 177» –
2005 жылы Қостанай облыстық қазақ драма театрының деңгейiн көтеруге үлкен үлес қосқаны үшін Қостанай облысы мәдениет басқармасының Грамотасымен марапатталды.
2015 жылы Қостанай облысы Меценаттар клубының «Шабыт» жүлдесін иеленді.
2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.