Мақсат – мал басын көбейту

Қостанай ауданының шаруалары пандемия кезінде мемлекеттік субсидияға иек артқан. Шаруа қожалықтардың дені кәсібін сақтап қана қоймай, жаңа техника мен құрал-жабдықтар да сатып алып, өнім көлемін арттырды. Қазір ірі қара саны бойынша Қостанай ауданы облыс бойынша алдыңғы қатарда.
Мұнда 45 мың бас ірі қара бар. Сондай-ақ, жылқы шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Өңірде  7 мыңға жуық жылқы, 22 мың ұсақ мал, 15 мыңнан астам шошқа, 708 мың құс бар. Мамандар ауыл шаруашылығы саласының табысы жаман емес, дейді. Мемлекеттік субсидияны дер кезінде салаға бөлу арқылы сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту қарқын алған.
«Ауданда К.Маркс атындағы, «Шеминовка», «Аққұдық», «Садчиковское» серіктестіктерінде мал саны мейлінше өсті. Сонымен қатар, етті бағыттағы абердин-ангус тұқымды қара мал өсіруге ниет білдірушілер көбейді»,-дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Мейрамбек Бөкешев.
Мемлекеттің қолдауымен мал өсіріп, еңбегінің жемісін көрген Қостанай ауданының шаруалары көпшілікке үлгі көрсетіп отыр. Жеңілдетілген несиенің арқасында ісін дөңгелеткен қожалықтардың кейбірі өнім түрін молайтуға көшті.Өткен жылы өңірде «Еңбек» бағдарламасы аясында 29 азаматтың өтініші қаралды. Бұл бағытқа 97 млн теңге бөлінді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓