«Дипломмен ауылға!»: 441 маман жәрдемақы алады
Қостанай облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше жоба бірнеше бағытта жүзеге асады. Атап айтқанда, ауылдарға жұмысқа тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен салалары мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілуде."2019 жылы өңірдегі 356 маманға жалпы сомасы 76,9 млн теңге көтерме жәрдемақы төленді. Бұдан бөлек 244 жас қызметкерге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер берілді. Бұл мақсатта 834,3 млн теңге жұмсалды. Осы жылы 441 маманға жәрдемақы төленеді. Оған 117 млн теңге қарастырылды", – деді басқарма басшысы Гүлбарам Мұсағазина.
Биыл 376 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін қомақты қаржы бөлінбек.
Биыл 376 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін қомақты қаржы бөлінбек.
Қасқырбай Қойшыманов