Ауылға сауатты маман керек

IMG_9646Бүгінгі күні ауылдық елді мекендерде кадр  жетіспеушілігі анық байқалады. Өйткені жастар ауылға барғысы келмейді, ал жасы жеткен мамандар зейнеткерлікке шығуда. Білікті де білімді жастарды ауылға қайтсек тартамыз? Ауылдағы жас маманға қандай жағдай жасалмай отыр? Осынау мәселе ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XIX көшпелі отырысында айтылды.
Мемлекеттік маңызы бар мәселені талқылаған ауқымды шара Қостанайдағы облыстық филар-монияда өтті. Оған ҚР Президен-тінің Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары – ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жө-ніндегі Кеңестің төрағасы Ғаби-долла Әбдірахымов, ҚР ауыл-шаруашылығы вице-министрі С.Омаров, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев, ҚР өңірлік даму министрлігінің бірін-ші вице-министрі Қ.Өскенбаев және аталмыш өңірлердің бел-сенді жастары қатысты.
Көшпелі отырыс басталмас бұрын Кеңестің мүшелері үш топқа бөлініп Қостанайдағы жастар ұйымдарының жұмысы-мен танысты. ҚР Президентінің Әкімшілігі жетекшісінің орынба-сары Ғ.Әбдірахымов бастаған топ "Қазақтелеком" АҚ Қостанай ОТД және "Жастар бастамаларының орталығының" ұжымдарымен кездесті. КСК шағын ауданын-дағы Салтанат сарайы мен Жастар бульварын тамашалады.
IMG_9925– Қостанайдағы нысандарды аралау барысында маған "Қазақ-телеком" АҚ Қостанай ОТД-ның жұмысы қатты ұнады. Компания-да жастармен нақты жұмыс жа-салатыны көрініп тұр. Сондай-ақ "Жастар бастамаларының ор-талығын" ерекше атауға болады, – деді ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғ.Әб-дірахымов.
Ал екінші топ астықты аймақ-тың шығармашыл жастарымен дидарласып, үшінші топ ҚМПИ-да "Дипломмен – ауылға" бағдар-ламасына қатысушылар мен бюджеттік саланың қызметкер-лерімен кездесті.
Онда бағдарламаның жетістігі, жүзеге асыру аясында кезде-сетін  кейбір түйткілдер жөнінде әңгіме қозғалды. Жиынды  басқа-рып отырған  ҚР Мәжіліс Парла-ментінің депутаты Мейрам Беген-таев ең алдымен бағдарлама бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқ-талып, бағдарламаға қатысушы-ларға сөз беріп, олардың әңгіме-лерін тыңдады. Жоғары оқу орындарын бітіріп, "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойын-ша бүгінде білім, мәдениет сала-сында жұмыс істеп жүрген  Қос-танай ауданындағы мәдениет үйінің қызметкері Әйгерім Көш-кімбаева, Қарабалық орта мекте-бінің тарих пәнінің мұғалімі Сер-гей Гардер, Сарыкөл ауданын-дағы Тагил орта мектебінің геог-рафия пәнінің мұғалімі Әсима Мәдиева бағдарламамен ауылға барғанын, мемлекет тарапынан бөлінген көтерме жәрдемақы алғандарын, сол арқылы  тұрғын үймен қамтамасыз етілгендерін, жеткен жетістіктерін, сол секілді отбасы құрғандарын, тиісінше жергілікті атқару органдары та-рапынан  қолдау көрсетілгенде-рін жеткізді.  Мәліметтерге жүгін-сек,  осы уақытқа дейін республи-калық бюджеттен жас   IMG_9977мамандар-ды әлеуметтік жағынан қолдау бағытында 24,5 млрд. теңге, ал,  отыз мыңнан аса жас маманға кө-терме жәрдемақы үшін 4,4 млрд. теңге, 10 813 маманға тұрғын үй алу үшін 20,1 млрд. теңге бюд-жеттік несие бөлінді.  Сонымен бірге әңгіме барысында  жинал-ғандар өздерінің ойларын, ұсы-ныстарын жеткізді. Мәселен,  жастарға берілетін бюджеттік не-сиені мерзімінен бұрын өтеу ме-ханизмдерін жетілдіруге бола ма, бағдарлама бойынша  жас маман ауыл-селоға бес жылға барады, оның  мерзімін қысқарту мүмкін-дігі бар ма,  жас мамандар   көбіне инфрақұрылымы мен абаттан-дырылуы қолайлы елді мекен-дерге барады, ал, ондай мүмкін-дігі жоқ ауыл-селоны көркейту үшін не істеуіміз керек, ол үшін қаржы керек, ол жағын да қарас-тырғанымыз жөн, ҰБТ ережесі бойынша халықаралық пән мен ғылыми олимпиадаларға  қаты-сушылар тестілеуден босаты-лады, ал, ол сайыстардың маңы-зы, мәні қандай, нақты өзінің ха-лықаралық дәрежесіне сай ма? сияқты сұрақтар болды. ҚР өңір-лік даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаевтың айтуы бойынша,  бағдарламаға үнемі мониторинг жасалынып отыратындығын, және де алдағы жылдары  жобаны жетілдіре отырып,  мерзімді үш жылға дейін төмендету мәселесі қарастыры-лып жатқандығын,  әр өңірдегі елді мекеннің әлеуметтік-эконо-микалық даму деңгейі әртүрлі болғандықтан  бөлінетін көтерме жәрдемақы мөлшері де өзгеруі тиіс деген ұсыныстың көңілге қонымды екендігін айтты. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаевтың айтуынша, ха-лықаралық пән және ғылыми жұ-мыстар жөніндегі сайыстар мәселесі, тізбесі жасалатындығын,  министрлікте бірыңғай шешім қабылданатындығын жеткізді.
Кеңестің көшпелі отырысы түстен кейін басталды. Онда "Дипломмен – ауылға!" жобасы-ның  Ақмола,  Солтүстік    Қазақ-стан, Қостанай облыстарында жүзеге асуы туралы баяндама жасалды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2009 жылы "Дип-ломмен –ауылға!" жобасы бастау алды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – ауылдағы жас маман-дарға әлеуметтік қолдау жасау. Жоба басталған бес жылдың ішінде 30 617 маман ауылға тар-тылған. Соның басым көпшілігі педагогтар.   
IMG_9900Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Президентінің Әкімшілігі жетек-шісінің орынбасары – ҚР Прези-дентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің төрағасы: Аталмыш жоба ауылдағы кадрдың әлеуетін арттырумен қатар еңбек нарығының дамуына серпін берді. Жастардың ауылға деген қызығушылығын оятты.
Нұралы Садуақасов, Қоста-най облысының әкімі: Облыс жастары үшін барлық жағдай жасалған. Жаңадан білім, мәде-ниет, спорт және демалыс орын-дары ашылды. Аймақ халқының  26%ын жастар құрайды Олар-дың дені ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауыл жастарына ерекше назар аударылған. Бұл үшін "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы зор ықпал етуде.
Н.Нұркенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары: Бағдар-лама бойынша ауылға барған жастардың бірі жұмысқа орна-ласса, енді бірі сол жерде отба-сын құрып, балалы-шағалы бо-лып жатыр. Кейбір жастар ауыл-дық жерде жұмысқа орналасып, тиесілі жеңілдіктерді алған соң облыс аумағынан тайып тұрады. Жобаның талаптарын толық орындамайды. Сондықтан "Дип-ломмен – ауылға!" бағдарламасы бойынша қажетті мамандықтар-дың тізімі жазылған бос жұмыс орындарының орталықтанды-рылған базасын құруды ұсына-мын.
Анархан Дүйсенова, Сол-түстік Қазақстан облысы әкі-мінің орынбасары: Дипломмен ауылға барған жастар үй алсам немесе өзге де жеңілдіктерге қол жеткізсем деп  қарақан басының қамын ойламауы тиіс. Олар ауыл баласын оқытамын деген мақ-сатты ұстануы керек.Шалғайдағы елді мекендерге басқа көзқарас-пен қарағанымыз абзал.  Ауыл –  алтын бесік екенін жастар жадын-да сақтаса игі.
Әсемхан Есмағамбетов, "Дипломмен – ауылға!" бағ-дарламасының Қостанай об-лысындағы қатысушысы: Жоба бойынша Әулиекөл ауда-нында жұмысқа орналастым. Алғашында 130 мың теңге көле-мінде көтерме жәрдемақы ал-дым. Бағдарламаның арқасында тұрақты жұмысқа тұрып, бас-паналы болдым. Ең бастысы от-басын құрдым. Қазір үш қыздың әкесімін. Өз басым ауылда жыл сайын жағдай жасалып келе жатқанына куәмін.
Кеңестің көшпелі отырысын-да "Дипломмен – ауылға!" жобасына қатысты ұсыныстар айтылды. Жобаның кейбір қа-тысушылары талаптарды то-лықтай орындауға құлықсыз. Олар ауылда 2-3 жыл жұмыс істеп, артынша қалаға кетеді. Бұл проблеманың алдын алу үшін келісім-шарттың мерзімі  қысқартылса, көтерме жәрдем-ақының мөлшері көбейсе. От-басылық және өзге де жағдай-ларға байланысты бір өңірден екінші өңірге қоныс аударғанда берілген өтемақы сақталса. Екі қолға бір жұмыс таба алмай жүрген "Болашақ" бағдарла-масының түлектері де ауылға барып, жұмыс істесе. Ауылда әлеуметтік қызметкерлерден бөлек мемлекеттік қызметші-лер де қат. Себебі тұрмыстық жағдай мен жайлылықтың жоқтығынан жастардың ауыл-ға барғысы жоқ. Көбісі оқуын бітіріп қалада жұмыс істеуді қалайды. Сондықтан ауылда-ғы жас маман белгілі бір мерзім ішінде өзін өзі көрсетсе, оның қалада, облыста, министрлікте жұмыс істеуіне жол ашса. Міне, осынау ұсыныстарды көшпелі отырыстың қатысушылары айтқан болатын. 
Гүлназым САҒИТОВА
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерде: кеңестен көріністер.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓