«Тобыл» тең түсті

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матсын өткізді. Бұл туралы клбутың ресми сайты хабарлады.
Жолдастық кездесу Словакияның «Жилина» командасына қарсы өтті. Ойынның басында қостанайлықтар басым көрінген. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсыластарды қос қапталдан қысып бақты. Алайда қарымта шабуылдардың бірінде «Жилина» ойыншысы Бранислав Слука «Тобыл» қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.ic74ylGoDl0
Қазақстандық команданың сапынан Сенин Себаи гол соғып, таразы басын теңестірді. Осылайша, «Тобыл» Словакияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа лигасының қатысушысымен тең ойнады.
Матчтың толық нұсқасын мына сілтемеден қарай аласыздар:

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓