Шәкіртақы өсті
Озат студенттерге төленетін шәкіртақы 25%-ке өсті.
Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, интернатура озаттарынікі- 37 945 теңгеден 47 431 теңгеге, магистранттардікі- 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге, докторанттардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өсті.
Колледж оқушылары да назардан тыс қалмады, олардың айлық ақылары 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге ұлғайған.