Қуанышыңды бөліскен абзал

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті шаңырағында адам көңіліне жылылық ұялатар берекелі қайырымдылық ауызашар шарасы болып өтті. Күн санап саны артқан қайырымды жандардың қатарына Қостанай қаласының Ұлықбек есімді тұрғыны анасы Ғалияны Ұмраға (Кіші қажылық) жары Динарамен бірге алып барып, қажылығын өтеп келген еді. Осыған орай қалалық мешітте жүзден астам адамға арнап дастархан жайды. Қасиетті сапардан оралып, бұл қуанышыңды көппен бөлісіп, жамағаттың алғыс-батасын алудың маңызы зор болса керек.DSC_0323
Бір жағынан «құтты қонақ келсе – қой егіз табады» демекші, қайырымдылық ауызашар дастарханына үш күндік «Имамдар семинарына» қатысуға келген облыс, аудан, қала имамдары да жиыла бас қосып, уағыз-насихат, ғибратты сөздер айтты. Сондай-ақ, облыс, аудан, қала мешіттерінің «Сауат ашу» курсында тәлім алып жүрген шәкірттері де шараға атсалысты.DSC_0299
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Әмірханов Шоқан Ғазизұлы мен Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешітінің бас имамы  Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы қайырымдылық ауызашар ұйымдастырған қала тұрғыны  Ұлықбектің шаңырағына алғыс айтып, анасы Ғалияның қуанышына ортақ екенін жеткізді. Өңіріміздің бас имамы  Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы  таным мен тағылымға толы  құлақ құрышын қандырар уағыз-насихатты жиылған жұрт назарына пайымды етіп жеткізді.DSC_0318
Қайырымдылық шараның негізгі бөлімі мұнымен біткен жоқ, астан кейін  бір дастархан басына жиылған жамағатқа арнап қайырымдылық ұйымдастырған Ұлықбек қасиетті Меккеден келген зәмзәм суынан ниетпен ауыз тигізді.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓