Білім мен спорт ұштасқанда
Жуырда облыстық Жекпе-жек одағының бастамасымен Бизнес-орталықтың премьер базасында Smart Generation спорттық-оқыту орталығы құрылған болатын. Бұл жерде кез келген ниетті жас педагогтардан ұрыс, жекпе-жек әдіс-тәсілдерін меңгерумен қатар, шахмат, тіл және түрлі гуманитарлық пәндерден дәріс үйренуге мүмкіндік алды.
«Бұл халқымыздың «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тәмсілінің жиынтығын көрсетсе керек. Әрине, күшіңнің де болғаны дұрыс, алайда білім одан абзал болатыны рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білім мен зор денсаулық бәрін жеңеді» деп бекер айтқан жоқ», – дейді облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының төрағасы Юрий Щур.
Міне, Smart Generation орталығы «Жаңа буын» атауымен алғаш рет шахмат, ағылшын тілі, интеллектуалды брейн-ринг және қоян-қолтық ұрыс түрлерін біріктірген кешенді спорттық-интеллектуалдық олимпиадасын өткізіп отыр.
шахматтан 6-7 жаста Н.Кочетыгов, 8-9 жаста С.Сұлтанғалиев, 10-11 жаста А.Хайруллин 12-14 жаста Н.Притиск;
брейн рингтен 6-7 жаста Я.Попов, 8-9 жаста Ә.Есенжолов, 10-11 жаста З.Есенжол, 12-14 жаста С.Серік;
ағылшын тілінен 6-7 жаста Е.Фоменко, 8-9 жаста С.Брума, 10-11 жаста С.Канищев, 12-14 жаста С.Серік; қоян-қолтық ұрыстан 6-7 жаста Э.Марденов, 8-9 жаста К.Войткевич, 10-11 жаста А.Бақытқалиев, 12-14 жаста С.Серік жеңімпаз танылды.
Ал олимпиаданың барлық барлық түрінен жоғары ұпай жинап, «Mr. Smart Generation» кубогіне ие болғандар:
6-7 жаста Р.Климчук (№6 орта мектеп, қоян-қолтық ұрыс мектебінің және «ЖасҰлан» Nomad MMA спортшысы);
8-9 жаста Ә.Есенжолов (М.Горький атындағы гиназия, «Шах-Нұр» жекпе-жек спорттық клубы спортшысы);
10-11 жаста А.Бақытқалиев (№10 орта мектебі, қоян-қолтық ұрыс мектебінің және «ЖасҰлан» Nomad MMA спортшысы);
12-14 жаста С.Серік (Назарбаев зияткерлік мектебі, қоян-қолтық ұрыс мектебінің және «ЖасҰлан» Nomad MMA спортшысы).
Қ.ҚИЫСХАН