Мәжіліс депутаттары Қостанайда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлия Сапарова, Иван Клименко, Ирина Аронова, Қуаныш Сұлтанов және Альберт Рау Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.200106111819535e
Мәжілісмендердің жұмыс тобы әуелі облыстың партия белсенділерімен кездесті. Жиында елді мекендерді оңтайландыру, әлеуметтік жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесі және әлеуметтік көмек пакеті сөз етілді. Сонымен қатар Жастар жылының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Аймақтың педагогикалық қоғамдастығы мәжілісмендерге өңірдің проблемасын айтты. Халық қалаулылары Қостанай қаласының белсенді жастарымен де бас қосты. Әсіресе, біздің аймақтағы жастар саясатын дамыту саласындағы ең өзекті мәселелер анықталды. Ұсыныстар мен пікірлер депутаттар назарына алынды.
Депутат Ирина Аронова атап өткендей, парламент жұмысы барынша ашық.
«Өткен жылдан бастап нақты уақыт режімінде жұмыс топтарының отырысы өтіп жатыр. Депутаттық сауалдарды қалыптастыруда облыстық және аудандық мәслихаттарға ерекше рөл бөлінген. Бұл ретте Қостанай облысының Парламентпен өзара іс-қимыл бөлігіндегі жұмысы республикадағы ең үздіктердің бірі деп танылды», – деді Ирина Аронова.
Сапар аясында депутаттар облыстың шалғай ауылдарын араламақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓