Шаралар кейінге шегерілді

Мемлекет басшысының 28 желтоқсанды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауына байланысты ертең, яғни, 28 желтоқсанда өңіріміздегі барлық мерекелік шаралар кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов тілшілермен өткізген шұғыл баспасөз жиынында хабарлады.

IMG_20191227_172533

– Алматы қаласындағы ұшақ апатына қатысты қайғылы жағдайға байланысты 28 желтоқсанға жоспарланған барлық мерекелік шараларды басқа күндерге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бірінші кезекте театрлардағы шырша тойларының ертеңгіліктері, кішкентай көрермендерге арналған спектакльдердің кестесі өзгертілетін болды. Аудан-қалалардағы белгіленген жаңажылдық көңіл көтеру шаралары да кейінге шегеріледі. Тұрғындардан барлық ақпаратты әрбір мекеменің телефон номері, сайттары, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларынан қосымша анықтама алуларын сұраймыз. Қай мерекелік шараның қай күндерге ауыстырылғаны туралы сол мекемелер жеке жоспарлар құрады. Азаматтардан бұл шешімдерге түсіністікпен қарауын сұраймыз, – деді басқарма басшысы.   

27 желтоқсан күні болған ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Мемлекет басшысының 2019 жылғы 28 желтоқсан Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетейік, аза тұту күні барлық мекемелерде тәулік бойы мемлекеттік ту төмен түсіріліп, көңіл көтеру шаралары кейінге шегеріледі.

22222

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓