“100 жаңа есім”: 4 жерлесіміз жеңімпаз
Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үшінші кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды "Информбюро". Салтанатты рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Вице-премьер Бердібек Сапарбаев және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.
Естеріңізге салайық, жобаға қатысуға 1673 үміткер өтінім қалдырған. Онлайн жүйесінде дауыс беру нәтижесінде 25 жеңімпаз анықталды және тағы 7 қатысушыны қазылар алқасы іріктеп алды. Қорытындысында 2019 жылдың жеңімпазы болып 32 адам танылды.
Жеңімпаздар қатарында Қостанай облысының 4 өкілі бар. Олар – Спорттық балдық биден халықаралық деңгейдегі спорт шебері Малика Мұхтарова, "Агромашхолдинг КZ" компаниясының президенті Динара Шүкіржанова, Қостанай құрылыс колледжінің студенті Максим Рюмин және қазақстандық кәсіби баскетболшы Рүстем Ерғали.
Жерлестерімізді редакция ұжымы атынан шын жүректен құттықтап, биік белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!
Жерлестерімізді редакция ұжымы атынан шын жүректен құттықтап, биік белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!
Сурет интернеттен алынды