Кімдерге несие берілмейді?
Биыл 3 шілдеде Елбасы Н.Назарбаев қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір азаматтарға несие берілмейді.
Жаңа тәртіпке сай айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен, яғни 31 183 теңгеден аз табатын азаматтар несие ала алмайды.
Егер жүйе жұмыс істесе, жалақысын өтірік айта салатын, шын мәнінде ресми жұмыс істемейтін, зейнетақы аударылымдары жасалынбайтын азаматтар да несие алу мүмкіндігінен қағылмақ.
Егер жүйе жұмыс істесе, жалақысын өтірік айта салатын, шын мәнінде ресми жұмыс істемейтін, зейнетақы аударылымдары жасалынбайтын азаматтар да несие алу мүмкіндігінен қағылмақ.
Ұлттық банк осы арқылы азаматтардың шамадан тыс несие алуының алдын алмақ.