Қоржынында – қос қола
Арқалықтық ардагер спортшы Н.Беденов Ақмола облысының Щучинск қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру мүшелері бұзылған адамдар арасында шаңғы жарысынан өткен ҚР Паралимпиадалық кубогының жүлдегері атанды.
Бұл жарысқа жас санаттарына бөлінбей Қазақстанның 5 шаңғы клубынан (Павлодар, Орал, Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары) 40 адам қатысты.
Нұрислам Беденов 1200 шақырым классикалық қашықтықта және 5000 шақырым еркін қашықтықта 3-орын иеленіп, ҚР Кубогының қос қола жүлдегері атанды.
Мұрат Жүнісұлы