Тұрғын үй құрылысы қарқын алады
Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында "Тұрғын үй құрлыс жинақ банкі" филиалының директоры Дәурен Саудабаев тілшілермен сұхбаттасты.
Қостанай облысында жыл басынан бері банк желісі бойынша 15 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл нысандардың барлығы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. Аталған тұрғын үйлер банк салымшылары арасында сатылып отыр.
Келер жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларға арналған қолжетімді баспана санын арттырмақ. Аймақта жалпы аумағы 70 000 шаршы метр болатын мыңнан аса пәтердің құрылысы жоспарланған.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.