Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 5 жыл!

Биыл Қостанайдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына бес жыл толды. Осыған орай оқу орнында «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық концерті өтті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
222
 
Салтанатты шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева арнайы басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың құттықтауын жеткізіп, жуырда өткен халықаралық аккредитацианың сертификатын табыс етуге келген. Сондай-ақ келген қонақтар мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Құсайын Уалиев, ҚМПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлвира Мұсабекова, Қостанай қалалық педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Елена Онищенко  құттықтады.

1111111 

Қазір «күш білектіде емес, білімдіде» екенін анық ұққан заман. Заман көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеуде мұғалімнің де үлесі зор. Оны қалыптастырушы – мектеп. Сондай білім мекемелерінің бірі – Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2014 жылдың 12 желтоқсанында өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Білім ошағы Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қолдауымен ашылған Назарбаев Зияткерлік мектептердің қатарына 17-ші болып қосылды. Қазіргі таңда мектептің 7-12 сыныптарында 11 ұлттың 620 баласы білім алып, оларға 130 мұғалім дәріс беруде, – деп бастады өз құттықтауын мектеп директоры Думан Сапақов.
333
Салтанатты шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналар қауымы бірдей атсалысып, мерекеге арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.
4444
– Алтын ұя мектебіміз түлектерімен ғана емес, білім мен ғылымда, спорт пен өнерде түрлі жетістіктерге жеткен оқушыларымен де мақтана алады. Мәселен, бізде білім алған шәкірттеріміздің 30-дан астамы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары әрі жүлдегері атанды. Солардың арасынан 11-сынып оқушысы Виктор Ковальчук Мәскеу физика-техникалық институтының нейрондық желілерді зерттеу бойынша «Deep learning school» курсын тәмамдады. Роботтық техника сайыстарының 2 дүркін чемпионы, математика және физика пәндерінен Phystech International халықаралық олимпиадасы бойынша жүлделі орындардың иегері. Ерекше атап өтерлігі – биыл ЭВМ бағдарламасының «CVPen» жобасына авторлық құқығын алды, – дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Абылай Қасымов.
55555
 
Айта кетейік, астықты өңірде осыдан бес жыл бұрын ашылған Елбасы мектебін бүгінде 226 түлек тәмамдаған. Олар қазір еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.
6666
777
 
8888
99999
Суретте салтанатты шарадан көрініс.
Суретті түсірген Абылай ҚАСЫМОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓