Армандар орындалған күн

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында рудныйлық 50 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды. «Восточная» ықшам ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов табыстады.07
Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 3900 шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 442,6 млн теңге жұмсалған. Бас мердігер – «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ.
– Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанына біз бен сіз куә болып отырсыздар. Ауқымды жұмыстың басты мақсаты азаматтарды қолжетімді үймен қамтамасыз ету. Биылдың өзінде облыс бойынша 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Рудныйға келсек, осы ықшам ауданда жуырда екі арендалық тұрғын үй бой көтерген еді. Болашақта 60 пәтерлік тағы төрт жаңа үй тұрғызу жоспарда бар, – деген өңір басшысы қоныс тойлары бас мерекемен тұспа-тұс келген қуаныш иелерін құттықтап, ыстық лебізін білдірді.01
Баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үйі жоқтың күйі жоқ. Табысының аздығынан пәтер жалдап, не жатақхана жағалап күнелткен жан үйлі болса бақыттың көкесі осы емес пе?!02
 
03
04
06Көпбалалы Едірсовтар отбасы да осы тамаша сәтті қанша жыл бойы аңсап келді. Бүгін армандар орындалған күн. Салтанатты шарадан соң әкім отбасының жаңа пәтерінде қонақта болып, мерекелік базарлықтарын табыстады.08
Отанасы Әселдің айтуынша, күйеуі ПИК-те ағаш ұстасы, өзі болса үй шаруасында. Сол себепті екінші деңгейлі банктен несие алуға табысы жетпеген.
– «Бақытты отбасы» бағдарламасы бізді шын мәнінде бақытты етті. Үш бөлмелі жаңа пәтерге кіріп, балаларым аң-таң. Олар үшін, тіпті біз үшін, құдды түс сияқты. Президентке, облыс және қала басшылығына алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді бақытты ана.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓