Әуе жолы жаңғырды

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысының жылдық нәтижелері талқыланды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, көлік логистикасы саласындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. Айта кетерлігі, облыстың автомобиль жолдары республика бойынша ең ұзын жол желілерінің қатарына жатады. Жалпы ұзындығы – 9,3 мың шақырым, оның 85% – жергілікті маңызы бар жолдар.
256x256bb
– Биыл көлік инфрақұрылымын дамытуға 37,3 млрд. теңге бөлінді. Өсім 12 % тең. 2018 жылы 33,3 млрд теңге болған. Бұл 550 шақырымнан астам автожолды қайта жаңартуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар жолдарың 2 шақырымы қайта жаңартылса, 4 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдардың 49 шақырымы қалыпқа келді. Тек облыс орталығында ғана жолдарды салуға, қалпына келтіруге және жөндеуге 7,7 млрд теңге жұмсалды, – деп мәлім етті басқарма басшысы.
Бүгінде «жақсы және қанағаттанарлық» жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 69% – ке дейін өскен. Сәйкесінше, бекітілген нысаналы индикатор соңғы 4 жылда толығымен орындалды. Олжас Нұрғалиев «Қостанай»  әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды аяқтау туралы сөз етті.
– Жасанды  ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрге және ені 15 метрге ұлғайды. Бұл аэродромда жалпы салмағы 200 тоннаға дейінгі ұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға және пайдалануға мүмкіндік береді. Ауданы 16,3 мың шаршы метр аэровокзал ғимаратының алдында әуе кемелері тұратын  перрон салынды. Жобаның жалпы сомасы – 9,2 млрд теңге. 18 желтоқсанынан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясы Қостанай-Нұр-сұлтан бағытындағы рейстерді орындай бастайды, – деді О.Нұрғалиев.
Белгілі болғандай, 2020 жылдың жаз айларында Минск-Қостанай-Минск әуе баеғыты ашылмақ. Жолаушыларды «Белавиа» компаниясы тасымалдайды. Бұған қоса «Анталья-Қостанай-Анталья», «Қостанай-Екатеринбург» туристік рейстері ашылуы мүмкін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓