Айлық 25%-ға артады
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы бойынша өткен кеңейтілген отырыста сөз етілгенін хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Жиынға білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қатысты.
"Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз", – деді өз сөзінде А.Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.
Мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төлеу көзделеді. Жалпы, Заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер ететінін атап өткен жөн.