Екі ауылға газ келді

Қостанай а. Ауданға қарасты Давыденов және Жуков селолық округтарына көгілдір отын тартылды. Қос ауылға газ құбырын тарту «ТКШ-ны жаңғырту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Аталған жұмыстар үшін республикалық және облыстық бюджеттен 111 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта Давыденовте 41 отбасы, ал Жуков селосында 17 отбасы көгілдір отынды пайдаланып отыр. Көптен күткен жаңалық  ауылдықтарға үлкен қуаныш сыйлады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓