Ораққа қажетті отын қымбаттады
Қостанайлық жер емген қауымның биылғы күзгі орақ науқанына 77 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен берілмек.
Былтырғы жылы да осыншама жағар май 96 теңгеден ұсынылған еді. Күзге салым, бағаның бір теңгеге арзандағаны да есімізде. Биылғы жылы дизель отынының 1 литрі шаруаларға 110 теңгеден сатылып жатыр. Кейбір ЖҚС-ның мұнай өнімін 115 теңгеден саудаға салып жатқанын айта кеткен жөн. Арзандатылғанының өзі қымбатымен қатарласқанына қарамастан, дизель отынының қазірдің өзінде 23 мың тоннасы сатылып кетіпті.