Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Қостанай облысының Мемлекеттік қызмет мектебіне үздік студенттер іріктелді. Мұнда іріктеу екі жыл қатарынан жүрді. Аталмыш мектепке дарынды және болашағы зор студенттер енді. Олар мұнда мемлекеттік қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімді толығымен алады.WhatsApp Image 2019-11-20 at 10.42.37
Бұл мектептің ашылуына дейін облыстың барлық жоғары оқу орындарында түсіндіру, сынақ жұмыстары жүргізілді. Себебі, оған білімімен, көшбасшылық қасиеттерімен дараланған студенттер енді. Қазір мемлекеттік қызмет мектебіне 20 студент алынды. WhatsApp Image 2019-11-20 at 10.42.38Тыңдаушыларға ҚР Мемлекеттік басқару негіздері мен заңнамаларын зерделеу пәні оқытылады. Курстарды мемлекеттік басқару академиясы филиалының оқытушылар құрамы, облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері өткізбек.
Мектепті бітірген студенттер мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓