Жас түлектер салтанаты

Облыс әкімдігі жанындағы алаң әдеттегісінен әсем, ерекше, мектеп, ұстаздар, достар туралы әсем әндер шырқалып тұрды. Ауа райының сәл қолайсыздығына қарамастан мектеп бітіретін түлектерге арналған салтанатқа жұртшылық көп жиналды. Салтанат та жаңа форматта өтті.IMG_1139 Мектеп бітіруші жастар ұстаздарымен әкімдік жанындағы алаңға ұзыннан бойғы төселген қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті. Ұстаздар да, мектеп бітіруші бойжеткендер мен бозбалалар сондай көрікті, көркем. Үстеріне киген киімдері салтанатты да сәнді.IMG_1294
Салтанатты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзбен ашып, мектеп бітіретін түлектерге, ұстаздарға, жиналған көпшілікке игі тілегін білдірді. Ол үстіміздегі жылғы түлектер ел Тәуелсіздігінің 25 жыл, Қостанай облысының құрылғанына 80 жыл, жерлесіміз, Ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің туғанына 175 толу қарсаңында бітіріп отырғандықтарын атап өтті.IMG_1143
-Құрметті түлектер, сіздер үшін бүгінгі күн ең маңызды күн болып саналады, өйткені ол көптеген жылдар мен еңбектің жемісі. Қиын сәттерден қиналмай өттіңіздер. Ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы өткен жылғы тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Ол сіздердің, ұстаздардың жетістіктері, сондықтан да оларға шыдамдылықтарыңыз үшін, жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін айрықша рахметімді білдіргім келеді. Ата-аналарға да рахмет, олар 11 жыл бойы жандарыңызда болды, қуаныштарыңызбен, реніштеріңізбен бөлісті. Енді сіздердің алдарыңызда мамандық таңдау тұр. Алған білімдеріңізбен, бойларыңыздағы күш-қуатпен таңдаған мамандықтарыңызбен облысымыздың, еліміздің экономикасына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін, ақ жол сіздерге, түлектер,- деді облыс әкімі.IMG_1162
Содан кейін аймақ басшысы құттықтау сөзінде мектеп бітіруші түлектердің білімдерімен ҰБТ жақсы нәтиже көрсеткендерін атап өтті. Атап айтқанда, мәселен, өткен жылы облысымызда «Алтын белгісін» 41 мектеп бітіруші алған болса, үстімідегі жылы соңғы қорытынды бойынша олардың саны 50-жетті. ҰБТ-гі көрсеткіш нәтижелері бойынша Қостанай қаласы алдыңғы қатарда, мектеп оқушыларының Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа баллы-91,61. Қостанай қаласыда «Алтын белгіге» үміткердің 9-ы өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты.IMG_1172
Облыс бойынша ең жоғары баллды Әулиекөл ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 11 сыныпты бітіретін түлек Аружан Омарова алды. Ал, Қостанай қаласы мектептері арасында №2 орта мектептің түлегі Анастасия Шинкоренко, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының арасында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 11 сынып оқушысы Айнұр Көбжанова мен қазақ түрік лицейінің түлегі Альтемир Ким бар. IMG_1191Сол секілді Қостанай қаласындағы С.Мәуленов, М. Горкий атындағы гимназиялар және тағы басқа мектептердің түлектері жақсы білім нәтижелерін көрсетті. Осы ҰБТ қорытындысы бойынша облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің түлектері жеті жыл бойы ең үздік көрсеткіштер көрсетіп, көштің басында тұр. Келесі жылдан бастап енді мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тапсыратын болады.IMG_1290
Ал, мектепті «Алтын белгімен» бітірген он үш түлекке облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мектеп бітіргені туралы аттестат пен ақшалай сыйлық тапсырды. Әдеттегідей естелік суретке де түсті. Мектеп бітіруші түлектердің атынан жиналғандарды А.Ағайдарова құттықтап, ұстаздарға, ата-аналарға рахметін айтты. Салтанат аясында
сахна төріне мектеп бітірушілердің сынып жетекшілері де шақырылды, оларға оқушылары шоқ гүлдер тапсырып, мектеп вальсін биледі. Аспанға шар да ұшты.IMG_1271
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓