Мақсат ел намысын қорғайды
Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсат Ережеповтың есімі жанкүйер қауымға кеңінен таныс. Салмағы 71 келі – Мақсат жауырыны жерге тимейтін балуан. М.Ережеповке үлкен жауапкершілік жүктелді. Оған Азия ойындарына қатысуға жолдама берілді.

– Азияның Қазақстан, Жапония,Өзбекстан және басқа елдері қатысатын додалы жарыста Мақсат намысқа тырыса алады, – дейді еңбек сіңірген бапкер Владимир Матвиенко.
Ермекбай
ХАСЕНОВ