3 млн тонна астық орылды
Облыс диқандары облыс қамбасына 3 млн 967 мың тонна астық құйды. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімет берді.Аймақтағы астық шығымы, орта есеппен, гектарына 7,6 центнердің айналасында болды. Ең озық көрсеткіш – 13,5 цн/га – Федоров ауданына тиесілі. Одан кейінгі нәтиже Сарыкөл, Ұзынкөл, Қарасу, Меңдіқара және Қостанай аудандарында.
Қазіргі таңда майлы дақылдарды ору жұмыстары жалғасуда. Зығыр, рапс егілген 510 мың гектар аумақтың 347-сіне орақ түскен. Орташа шығым – гектарына 4,8 га. Бұл да былтырғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Биылғы орақ науқанының нәтижесі қазан айының аяғы мен қараша айының бас кезінде өтетін дәстүрлі агрожиында қорытындыланады.