Веломаусым жабық

«ССКӨБ» АҚ өз жұмыскерлерімен қатар Рудный қаласының тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтына, зиянды әдеттерден арылуға үндейтін ауқымды спорттық іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Мәселен, қыркүйекте Еуразиялық ойындар мен ERG Run Fest жүгіру фестивалін ұйымдастырса, осы жолы веломаусымның жабылуына орайластырылған веложорыққа кезек берілді.бірінші бет
Кез келген спорт түрлері секілді, велосипед тебу де денсаулыққа өте пайдалы. Адам өкпесі мен жүрек жұмысын жақсартып, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Осыны негізге алған Қостанай, Лисаков пен Рудныйдың 300-ге тарта белсендісі Рудныйдың басты көшелерімен велосипедтен жүріп өтті. Әркім жасы мен шама-шарқына қарай 10 және 20 шақырым қашықтықты таңдаса, 7-14 жас аралығындағы балалар Ғарышкерлер даңғылын бір айналып, 1 шақырым жолды бағындырды.6Айта кетейік, қазіргі таңда экологиялық көлік түріне деген қызығушылық еліміздің барлық аймақтарында артып отыр. Ал кен алыбы барлық 25 бөлімшесі мен оқу орындарының жанына арнайы велотұрақтарды орнатып берді.
 
Қуаныш Доспан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓