Өсіммен қатар тежелу де бар
Аймақта жыл басынан бергі тоғыз айда өнеркәсіп өндірісі 15,1%-ға өскен. Атқарылған құрылыс жұмыс көлемінің нақты индексі 105,7%-ды құрап, жалпы көлемі 85 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері 264 мың шаршы метрден астам баспана тапсырылды, өсімі – 16,2. Облысқа 196 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып отыр. Алайда ауыл шаруашылық саласының жалпы өндіріс көлемі 34%-ға төмендеген.
Бұл жөнінде барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жасаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді.
Толығырақ ақпаратты газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Қыдырбек Қиысхан,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков