КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған  «Әлеуметтік қамқорлық»  шарасын іске асыру аясында Қостанай қаласының  әкімі Қайрат Ахметов көпбалалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады.
DSC_9574
–Биыл алғаш рет ұзақ уақыт бойы тұрғын үй алуға жеке тізімдер жасалды. Оған 275 көпбалалы отбасы кірді. Біз жыл соңына дейін 80 пәтердің кілтін табыс етуге уәде бердік, бүгінгі таңда 52 көпбалалы отбасы баспаналы болды, – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Сондай-ақ, Қайрат Ахметов уәде етілген үй жылдың соңына дейін беріледі деп сендірді. Қазір құжаттарды реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Салтанатты шарада бес баланың анасы қамқорлық көрсетіп отырған билік өкілдеріне аналық алғысын жеткізді. 
– Тұрғын үй алу кезегінде 11 жыл тұрдым. Бізге және балаларымызға қамқорлық жасаған Үкіметке, Елбасына рахмет! Барлығына бейбіт өмір тілеймін. Балалар аман болсын,  – деді көпбалалы аналардың бірі Жанар Мырзабекова.
DSC_9594
Жалпы құны 575 млн теңге болатын 20 пәтердің кілті табыс етілді. Тұрғын үй қаланың бірнеше аудандарында орналасқан. Берілген баспаналар көп қабатты тұрғын үйлер емес, жер үйлер екенін айта кеткен жөн. Он жылдан астам уақыт кезекте тұрған қостанайлықтар осы пәтерлерге дән риза.
 
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓