Тартыста – тәртіп сақшылары

Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық іздестірудің 101 жылдығын спорттық жарыстар ұйымдастыру арқылы атап өтті. Полиция бөлімінің жеке құрамы арасында «Орталық» стадионында шағын футболдан, арқан тарту және эстафеталық жүгіруден жарыстар ұйымдастырылды.71765479_141590003783352_1626166341587173376_nШағын футболдан патрульдік полиция командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды кезекші бөлім командасы, үшінші орынды пробация қызметі иеленді.71680372_141590020450017_5973034615097524224_oСпорттық алаңда болған бәсекелестік барысында арқан тартудан бірінші орынды кезекші бөлім командасы иеленді. Екінші орын ювеналдық полиция тобының командасына, ал үшінші орын учаскелік полиция инспекторларының тобына берілді. Жарыстың барлық қатысушылары спорттық шеберлік пен жақсы дайындықтарын көрсетті.71891554_141590033783349_2899175776035274752_oЖеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.71725577_141590027116683_3988109126994493440_oОсындай форматтағы жарыстарды өткізу командалық рухты нығайтып қана қоймай, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуды насихаттайтын құрал десе болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓