Алғашқы жарнасыз жалдамалы баспана алуға болады

Енді елімізден 80 мың теңеден аспайтын сомаға арендалық үйлер алуға болатын бағдарлама іске қосылмақ. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары  Бауыржан Қабдол айтты, деп хабарлайды Экспресс К
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жаңа механизмін әзірлеп жатыр. Оның шарттарына сәйкес кейін сатып алу құқығына ие болатын арендалық үйлерге бастапқы жарна төлемеуге болады",— дейді Бауыржан Қабдол.
Оның айтуынша, ай сайынғы жалдау ақысы ірі қалаларда орташа есеппен 70-80 мың теңгені, басқа аймақтарда 60 мың теңге болмақ.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кезекте тұрған адамның өтініші бойынша таңдау құқығын беруді ұсынады. Яғни сатып алу арқылы жалға алуға ауысу немесе бүгінгі шарттар бойынша сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйде қалу", — дейді комитет төрағасының орынбасары.
Министрлік тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 621 мың астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 402 мың адам әлеуметтік осал топтағы азаматтар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓