Көпбалалы ана көмек сұрайды
Әулиекөл ауданының Сұлукөл ауылында тұратын көпбалалы ана Динара Тәжіғұлова «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына көмек сұрап жүргінді. Ол қатерлі ауруға шалдыққан. Бұл туралы "Әулиекөл газетінің" Фейсбуктегі парақшасында жазылды.Динараның күйеуі Мұрат Ағжанов ауылда қой бағады. Ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған төрт бала тәрбиелеп отыр. Тұңғыш ұлдары мүгедек. Кенже балалары небары 3 жаста.
Биыл жазда Динараның онкологиялық ауруға шалдыққаны анықталды. Дереу ота жасау қажет. Операция құны қымбат, отбасында тиісті қаржы табатын мүмкіндік жоқ. Көпбалалы ана мейірімді жандардан жәрдем сұрайды. Көмек қолын созғыңыз келсе, төмендегі шотқа ақша аудара аласыз:
"Қазақстан Халық банкі" АҚ
5522 0433 5509 0455,
ЖСН 7904 2700 0878
Динараның байланыс телефоны: 8 777 139 93 51
Отбасының жанашыр досы Меңсұлудың нөмірі: 8-775-963-07-36, 8-777-791-35-03.