Ветеринарлардың жалақысы өспек
ҚР Ауыл шаруашылығының министрі Ербол Қарашөкеев аграрлық сектордағы ең төменгі жалақы алатын мамандықтардың бірі ветеринарлық дәрігерлер екенін айтты.
Мәселен республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 аралығында.
Аудандық ветеринариялық станциялардағы жоғары білімді мал дәрігерінің орташа жалақысы 98 бен 206 мың теңгенің арасында екен. Ал зертхана қызметкерлерінің жалақысы 125 пен 174 мың теңгенің ортасында.
Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария жүйесін реформалауды ұсынды. Оның аясында ветеринарлық мамандықтар үшін ауылдық квотаны 70 пайызға дейін арттыру көзделген.
"Реформалар арқасында мал дәрігері деген кәсіптің тартымдылығы мен құзыреті артады. Бұдан бөлек жәрдемақы кемінде 2 лауазымдық айлықақыға, ал қосымша ақы лауазымдық айлықақының 50 пайызына көбейеді", — деді министр.