Меже биігінен көрінді
Сарыкөл ауданындағы өнеркәсіптің дамуы жыл сайын тұрақты түрде ілгерілеп келеді. Оны экономиканың негізгі салаларының көрсеткіштері айқындап отыр. Мәселен, 2021 жылдың 11 айында өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы аудан әкімі Амантай Балғарин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында айтып берді. Аудан әкімі баяндап бергендей, биылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес, аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындары 4 млрд.892 млн. теңгенің өнімін өндірген. Оның нақты көлем индексі 110% – ке тең. Бұл мақсатты индикатордың қалыптасуына «Сенат» ЖШС ұн тарту кәсіпорны үлкен ықпал етті. Өткен 9 айда 18 757 тонна ұн өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1 887 тоннаға артық.
«Озық технологияларды қолданудың арқасында біздің өнеркәсіптік кәсіпорындарымыз жыл ішінде өнім өндіру көлемін жоспарлы түрде ұлғайтты. Осы ретте тәулігіне 180 тонна астық өңдеуге қауқарлы «Сенат» ЖШС және нан-тоқаш өнімдері мен ет өндірісімен айналысатын «Аманжол – АкРо» ЖШС атап өтуге болады. Биылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 4,8 млрд.теңгенің немесе 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 108% (4 млрд. 546 млн. теңге) өнім өндірді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің ілгерілеуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Бұл секторда ауданда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1184-ке жетті. 2021 жылы осы санаттан бюджетке 337,5 млн. теңге салық төлемдері түсті. Жалпы, аудандық бюджет түсімдерінің 30% -і осы шағын және орта бизнес субъектілерге тиесілі»,-деді аудан әкімі Амантай Балғарин.
Аудан басшысының айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының арқасында өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі артқан. 2010 жылдан бастап бағдарлама шеңберінде 1 млрд.60 млн. теңгеден астам сомаға бағаланған 121 жоба мақұлданып, 117 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде жалпы сомасы 25,9 млн.теңгелік 10 грант берілген. Үстіміздегі жылы ауданда 243,8 млн.теңгеге проценттік мөлшерлемені субсидиялау шеңберінде және ішінара кепілдендіру шеңберінде 57 жоба мақұлданды.Сонымен қатар, тандыр нан көметін «Джумаев» ЖК 2,4 млн. теңге, «Ыстық ұя» ЖК «BabyPark» балалар білім беру орталығын ашу үшін 3,5 млн. теңге грант ұтып алды. 2019 жылдан бастап іске асыру басталғаннан бері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 544,1 млн.теңгеге бағаланған 28 жоба жүзеге асқан.Биыл Сарыкөлде ауылшаруашылығы бағытында да 280,7 млн теңгеге бағаланған 7 жоба қолға алынды. Құрылыс саласында да алға жылжу бар. Биыл аудан бойынша 2147 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Яғни, жоспар 100% орындалды деп отыр аудан әкімі. Индустриаландыру картасы бойынша жүзеге асқан жобалардың да қатары ұлғайған. «Мәселен, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды қолға алған кәсіпорындар аудан экономикасының дамуына белгілі бір үлес қосып келеді. Соңғы жылдары индустрияландыру картасы бойынша 1,3 млрд.теңге бағаланған үш жоба ел игілігіне айналып, 75 жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасынан тыс жалпы көлемі 2,5 млрд.теңгелік 46 жоба тағы іске қосылды. Биыл тағы сегіз жоба жүзеге асты. Осылайша қосымша 16 жұмыс орны пайда болды. Енді келесі жылы 830 млн теңгеге бағаланған төрт инвестициялық жобаны игеру міндеті тұр. Онда 18 адамға жұмыс табылады»,-дейді Амантай Балғарин.

Әлібек ЫБЫРАЙ