Кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді

Арқалық қаласында шағын бизнес, яғни өз ісін ашқандар қатары көбейіп келеді. Оған «НұрОтан» партиясының «Мықты бизнес — қуатты мемлекет» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың көмегі тиіп отыр. Мыкты бизнесҚалада 2014 жылдан бері кәсіпкерлікке дайындайтын семинарлар жиі өтеді. Семинар-тренингке «Нұр Отан» партиясы Арқалық қаласы филиалының «Партияның 50 тұлғасы» атты жобасының қатысушысы Санжар Шубай да жиі қатысады. Ол бағдарламаны меңгеріп, енді өзі де кәсіпкерлікке талпынғандарға тренинг өткізіп жүр. Санжар Шубай: «Соңғы семинарлардың біріне шағын және ортабизнеспен айналысатын 78 кәсіпкер келді» деді. Сонымен қатар Санжар Арқалық қаласы әкімшілігінің кәсіпкерлік бөлімі гранттық бағдарламасының стипендианты. Ол өзінің жеке жобасын жүзеге асыру үшін 2 миллион теңге қаржы алды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓