Рудныйлықтар жүлдемен оралды

Рудныйлық №2 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің командасы Көкшетауда картингтен өткен Қазақстан Чемпионатында жүлделі 2-орынға ие болды. Жарыста қарағандылықтар топ жарса, 3-орын көкшетаулықтарға бұйырып отыр.
загруженноеЖаз бойы маусым, шілде, тамыз айларындағы жарыс кезеңдерінде жақсы загруженное (1)нәтиже көрсетіп, үздіктер арасынан көрінген команданы жерлестері зор құрмет-қошеметпен күтіп алды. Жас спортшылар картингпен Оқушылар және жастар сарайының базасында дайындалады. Мұнда 60-қа тарта келушінің игілігінде 15 қана спорттық машина бар. Соған қарамастан оқушылар өздеріне берілген мүмкіндікті қалт жібермей, кеншілер шаһарының намысын түрлі додаларда абыроймен қорғап келеді.
kartingi_1Анықтама: Картинг – бұл карт деп аталатын арнайы шағын машиналарда ұйымдастырылатын жарыс. Карттың ұзындығы небары 1,6 метр, ал ені 70 сантиметрді құрайды. Спорттың бұл түрі Қазақстанға 1967 жылы келді. Ал 1972 жылы ДОСААФ-шылар картингті республикалық жарыс бағдарламасына енгізді. Картинг әсіресе Алматы, Шымкент, Қарағанды, Петропавл қалаларында жақсы дамыған.
 
 
 
 
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓