Экспорт көлемі артпақ

Жетінші қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша, өңірде 1 млн 300 мың гектар аумақ орылған.
– Өңірде орақ науқаны ертерек басталып кетті. Биыл жазда қуаңшылық болып, жауын-шашын аз түсті. Сол себептен былтырға қарағанда бидай шығымы аздау. Соған қарамастан диқаншылар өз өнімдерін салқын түсем дегенше жинап алуды көздеп отыр. Қазір 1 млн 300 мың гектар жердің бидайы орылып, қамбаға құйылды, – деді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.
егин
Оның айтуынша, шамамен 15-20 күннің ішінде қостанайлық диқандар өз өнімдерін толық жинап болады.
– Былтыр 3 млн тоннадан астам астық жинадық. Сандарға шақсақ, 1 гектардан 11 центнерден өнім алдық. Бұған дейін айтып өткенімдей биыл жауын-шашынның аз болуы өз әсерін тигізді. Дегенмен білгіленген жоспарды орындаймыз деп ойлаймын. Одан бөлек, біздің алдымызда экспорт көлемін арттыру тапсырмасы тұр. Біз жыл сайын Орталық Азия елдері және Иран, Ауғанстанға ұн және ұн өнімдерін экспорттаймыз, – дейді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓