Ардагерге құрмет
Әулиекөл полиция қызметкерлері 19 тамыз күні 75 жылдық мерейтойын атап өткен полиция ардагері Виктор ДЫНЯКҚА құрмет көрсетті.
– Қостанай облысы полиция департаментінің Ардагерлер кеңесі, Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы ардагерді туған күнімен құттықтады. Виктор Григорьевич бұрынғы Семиозер милиция бөлімінде МАИ аға инспекторы болып жұмыс істеген. Көптеген жас қызметкерлер үшін ол тәлімгер және мұғалім бола білді, әлі күнге дейін жас мамандармен өз білімін бөліседі, – деп атап өтті облыстық ПД ІІО ардагері Сатыбалды НАСЫРОВ.
Мерейтой иесін Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев құттықтап, ардагерге «Құрметті ардагер» төс белгісін табыс етті. Сондай-ақ, зейнеткерді полиция ведомствосының басшылығы құттықтады. Дәстүр бойынша бөлім бастығы, полиция полковнигі Арыстан Жағыпаров ақсақалға шапан және гүл шоғын табыс етті. Мерейтой иесін құттықтауға келген ІІО-ның басқа да ардагерлері атынан көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды. ІІО ардагері Раиса Төлеқызы Дарбаева милиция ардагерінің кәсіби еңбегін атап өтті.
– Мен жай ғана мамандықты таңдаған жоқпын, мен өз тағдырымды таңдадым. Баршаңызға жылы сөздер үшін рахмет. Мен жас полицейлерге елге адал қызмет етуді тілеймін, – деді Виктор Григорьевич.