Геопортал әзірленді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді орындау мәселелері талқыға түсті.
Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін мейлінше жақсартатын тиімді мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін құру. Бұл – мәжілістегі аймақ басшысының айтқаны. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы облыстық ақпараттандыру, қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов баяндады. Сөзінше, бүгінде мемлекеттік қызметтерді көрсету өткен жылдармен салыстарығанда едәуір сапалы.
WhatsApp Image 2019-08-19 at 18.14.26 (1)
– Мемлекеттік қызметтерді уақытылы, нақты ұсыну кез келген саладағы жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемқызметтердің жедел берілуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,9%-ке көбейді. Бұл қоғамның мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейін көрсетеді. Қоғамдық мониторингтің 2018 жылғы қорытындылары бойынша өңір тұрғындарының 90%-ке оң көзқарасын білдірген. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен тікелей байланысын азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді, – деп атап өтті Е. Әбдікәрімов.
Басқарма басшысы мәлім еткендей, облыстың барлық өңірінде «Электрондық балабақша», «Электрондық мектеп» ақпараттық жобалары мен медициналық ықпалдастырылған жүйе (МЫЖ) сәтті енгізілді. Осы жылдың соңына дейін аймақтық геопортал енгізіліп, мемлекеттік қызметтер электрондық әкімдік ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылады. Орталық мемлекеттік органдар 54 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды және оңтайландыруды жоспарлап отыр.
Жиын соңында Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы тиісті кеңестер беруді, осы бағытта бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің орындалуына атқарушы билік өкілдері тікелей жауап бермек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓