Ең үздік мектеп пен колледжге – 34 млн теңге!

Бүгін Қостанайда облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы болып өтті. Кеңестің жұмысына облыс әкімі А.Мұхамбетов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, аудан және қала әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдерінің басшылары, педагогикалық жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жолғы отырыс “Жаһандық құндылықтар және қазақстандық білім берудің сапасы: Қостанай облысының білім беру жүйесін дамыту үрдістері мен перспективалары” тақырыбын арқау етті.
тамыз конф
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында облыс педагогтары тамыз конференциясында бас қосады. Кеңесте олар атқарылған істерге баға беріп, болашаққа бағдар жасайды. Бұл жолы да өңір педагогтары атқарылған істерді таразылап, болашақтың міндеттерін айқындады. Сондай-ақ, жиын барысында баяндамашылар облыстағы білім беру жүйесінің даму үрдістері мен перспективалары, еліміздегі білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің даму үдерісін басқару, жастар саясаты, әлеуметтік әріптестік жағдайында түлектерді кәсіби даярлау сапасын арттырудағы директорлар кеңесінің рөлі, арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы өз ойларын ортаға салды.
Ал, жиын соңында үздіктер “Ы.Алтынсарин” және “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгілерімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, өңірлер қызметінің рейтингтік бағалауының жеңімпаздары да қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды. Соның ішінде, “Ең үздік мектеп” номинациясы бойынша Рудный қаласындағы №19 орта мектебі мен “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы” номинациясы бойынша “Қостанай политехникалық жоғары колледжі”  34 миллион теңгені еншіледі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓