Жұмбақ айтыс
– Мен жұмбақ айтам, соны тапқан жігітке тием, – депті.
– Жақсы, айтыңыз жұмбағыңызды, – дейді сонда жігіт. Қыз жұмбақ айтады:
– Балқан тау да балқан тау, басына шыққан кім екен? Жолда тұрған жоңышқа, ат семірткен кім екен? Жез бұйдалы нар тайлақ, оны көрген бар ма екен? Желдеп кеткен жеті атан, оны көрген бар ма екен? Қайта шөккен қарт бура, оны көрген бар ма екен? Егіз қозы сүйексіз, оны көрген бар ма екен? Айдалада желі арқан, оны көрген бар ма екен? Жай, жай кілем, жай кілем, Оны көрген бар ма екен? Түр, түр кілем, түр кілем, оны көрген бар ма екен?
– Жұмбағыңыз онша қиын емес екен, – деп, жігіт шешуін айтады:
– Балқан тау да балқан тау, басына шыккан базаршы. Жолда тұрған жоңышқа, ат семірткен жолаушы. Жез бұйдалы нар тайлақ, бикешіңіз болмаса? Желдеп кеткен жеті атан, жеті ағаңыз болмаса? Қайта шөккен қарт бура, қайын атаңыз болмаса. Егіз қозы сүйексіз, екі емшегің болмаса? Айдалада желі арқан, түлкі бақыр болмаса? Айдалада қу қазық, қояныңыз болмаса. Жай, жай кілем, жай кілем, жазылып жатқан жер болар. Түр-түр кілем, түр кілем, түріліп шыққан күн болар. Таптым ба, тәлім қыз, енді не амалың бар? – дейді жігіт.
– Таптың, жігітім, енді саған тиемін, – дейді қыз.
Привет