Жол уақытша жабылады

Бүгін, 23 шілдеде күннің бірінші жартысында Қостанай қаласында Қостанай облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабымен болуы мүмкін терроризм актілерінің жолын кесуді, сондай-ақ, мүдделі қызметтер мен ведомствалардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруды тәжірибеде пысықтауға бағытталған терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.Без названия
Осыған байланысты, Чкалов және Волынов көшелерінің арасында, сондай-ақ, Абай даңңғылының аталған көшелерге жапсарлас бөлігінде («Екінші көтерілім» автобус аялдамасының және «Қазпошта» АҚ филиалының пошталық бөлімшесі маңайында) қозғалыс уақытша шектеулі болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдың жеке бөліктеріндегі шектеулі қозғалыспен байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтап, тек ресми ақпараттарды басшылыққа алуды сұраймыз.
 
Қостанай облыстық жедел штаб

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓