Жедел жәрдем көлігі аударылды

Жол-көлік оқиғасы бүгін Қостанай қаласының Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелері қиылысында болған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы қиындығы жағынан екінші деңгейдегі тапсырысты орындауға шыққан. 190713133611771_3547423mbf"Олар инфарктқа шалдығу қаупі бар пациентті ауруханаға алып бара жатқан. Дабыл белгілері мен белгі бергіш жарықты қосқан медициналық көліктің жүргізушісі жолдың бос екеніне көз жеткізген. Алайда, кейін белгілі болғандай, той кортежінің "Хаммер" маркалы көлігінің тізгіншісі алда жүруім керек деп шешкен", – делінеді басқарма хабарламасында. 
Кедергіден айналып өтпек болған жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне қарай аударылып кеткен.  Инфаркт алу қаупі бар пациент басынан жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші мен фельдшер қазіргі уақытта қалалық ауруханада түрлі жарақаттармен травматология бөлімінде жатыр. Пациенттің зайыбы да жапа шеккен. Жалпы саны, төрт адам жарақаттанды. 
"Барлық жүргізушіге тағы да айтарымыз – өтініш, жедел жәрдем көлігіне жол беріңіздер. Пациенттің өмірін құтқаруға әр минут бағалы болуы мүмкін", – деп түйінделеді хабарлама.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓