Отбасы орталығы ашылды

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын ресурстық қолдау орталығының салтанатты ашылуы өтті.20190710081748
Бұл орталықтың мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстағы проблемаларды ерте анықтау, тұрғындарға психологиялық, құқықтық, педагогикалық және басқа да консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Орталық Қостанай облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында орналасқан. Күн сайын 09.00-18.30 аралығында әртүрлі деңгейдегі 7 маман жұмыс істейді. Олар: екі психолог, нарколог, медиатор, әлеуметтік педагог, заңгер және қоғаммен байланыс жөніндегі маман.
Бұдан бөлек, Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, жеке сот орындаушыларының облыстық палатасы, қорғаншылық мекемелері жұма сайын қызмет көрсетеді. Кез келген азамат орталыққа барып, тиісті көмек ала алады дейді мамандар. 
– Орталықтың ашылуы бүгінгі күннің талабынан туындады. Біздің елде әрбір үшінші неке бұзылады, әрбір бесінші бала жалғызбасты отбасында өседі. Мұны статистика дәлелдеп отыр. Адамдар психологтың, медиатордың, наркологтың көмегіне мұқтаж. Бұрын «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудың бастапқы кезеңінде жоғарыда аталған мамандардың қызметтері туралы сұрақ туындады. Осы орталықты құру арқылы көптеген мәселені шешеміз, – деп атап өтті сот төрағасы К.Шармұхаметова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓