Танысын пышақтады
Қайғылы оқиға Қарасу ауданының Восток ауылында болған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 25 жастағы екі ер адам алкогольді ішімдік ішу кезінде жанжалдасып қалған.
"Жігіттерді бірі екіншісіне пышақпен жарақат салған. Жәбірленуші оқиға орнында тіл тартпай кетті", – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.