Жаңа саябақ ашылады

Облыстық әкімшіліктің жаныңда жаңа саябақ ашылмақ. Сегіз жыл бойы бос тұрған жер телімін аймақ басшысы кәдеге жаратуға пәрмен берді. 
Қала басшылығының айтуынша, облыстық әкімшіліктің іргесіндегі алаңалғашында жеке кәсіпкердің иелігінде болыпты. Жоспар бойынша бизнес-орталық пен сауда үйі ашылу керек еді, алайда, белгісіз себептермен құрылыс тоқтап қалды. Артынша сол аймақты қоршап, сырты қала суреттерімен безендіріліп қойылған.

QkB5-4oEu38

2012 жылы аталмыш жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сәулет және құрылыс бөлімі бұл жерге самұрық құстың мүсінін орнатып, мерекелік іс-шараларға арналған алаң ашуды ұсынған. Десек те, осыған қажетті 206 млн.теңге бюджеттен табылмапты.
Мәселенің мәнісіне қаныққан облыс басшысы Архимед Мұхамбетов бос алаңды тұрғындардың игілігіне ұсынуды жөн санап, саябақ ашуды ұсынды. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Базыл Жақыповқа осыған сәйкес жоспар құру ұсынылған.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓