Облыс әкімі ауызашар берді
Қостанай облысы орталығында биыл ораза ұстаушылар қатары жылдағыдан да арта түскен. Олардың арасынан қарт кісілерді де, жастарды да көресіз.
Биылғы оразаның алғашқы күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов азаматтық танытып, өз атынан 450 адамға ауыз ашар берді.
Халық көп жиналды. Жұртшылықтың алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы сөз сөйлеп, биылғы Рамазан айы жайлы әңгімеледі. Мұсылман бауырларымызға уағыз айтып, оразаларыңыз қабыл болсын деген ең ізгі ниетін білдірді.Сондай-ақ, осы басқосуда облыс әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов барша қауымды Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ізгілік, ырыс-ынтымақ тіледі.
Ауызашарға қатысқан жерлестеріміз облыс басшысына дән ризашылықтарын айтты. Сонымен қатар осы Рамазан айында оқылатын Тарауиқ намазында толық бастан аяқ қасиетті Құранды оқу үшін арнайы екі хафиз сонау Түркия елінен арнайы шақыртылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі