Тасбақа тасымалы тосқауылданды
23 маусымда сағат 14.00-де Қостанай шекара жасағының "Қайрақ авто" бөлімшесінде "тірі контрабанда" тасымалының жолы кесілді, – деп хабарлайды BNews.kz, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Шеқаралық жасақ РФ-на "Фольксваген" жеке көлігімен тірі тасбақаларды алып өтпекші болған ҚР 55 жастағы азаматы ұсталды. Ол 117 бас тасбақаны чемоданға жасырған", – делінеді ведомство хабарламасында.
Тасбақалар Федоров ауданының ветеринарлық-санитарлық бақылау қызметкерлеріне тапсырылды.