Қостанайдың өз Әнұраны бар

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев Қостанай  қаласының Әнұранын жазды.

Астықты өңірге арналған жаңа туындының тұсаукесері жақында ғана өткен балалардың “Золотой микрофон” халықаралық ән байқауында кесілді. Әнұранның сөзін белгілі ақын, жерлесіміз  Серік Тұрғынбеков  жазған. Қостанай туралы ән жазылған күйтабақтың бір данасы облыс әкімі Нұралы Садуақасовқа тарту етілді. Аймақ басшысы К.Дүйсекеевті  меценаттардың “Қазына” сыйлығына үміткерлер қатарына қосуға уәде етті.

 

Айтыстың  бас жүлдесін жеңіп алды

Жетісу жерінде өткен “Нұр Отан” партиясының 15 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас бәйгесін жерлесіміз  Сырым Әуезхан жеңіп алды.

Ол ақтық сында Жандарбек Бұлғақовпен сөз қағыстырып, екеуі ұпай бөлісті. Дегенмен, қазылар алқасы 2 млн.теңгелік бас жүлдені бірауыздан Қостанайдан барған жас айтыскерге ұстатып жіберді. Сырым 1994 жылы Қостанай облысының, Әулие-көл ауданында туған. Ол  республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жүлдегері.

 

Байқау өтті

Жуырда “Ата-аналарға арналған ең үздік консультациялық пункт” атты  сырттай республикалық  байқауы өтті.

Байқауға Таран ауданының “Балдәурен” балабақшасының ата-аналарға арналған консультациялық пункті қатысты. Байқау қорытындысы бойынша “Балдәурен” балабақшасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Мектепке дейінгі балалық шақ” республикалық орталығының  Алғыс хатымен марапатталды.

 

Фотоқұжаттық көрме ашылды

Облыстық мұрағатта “ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Қостанай облысы аймағындағы совхоз құрылысы” фотоқұжаттық көрмесінің тұсауы кесілді.

Тыңның 60 жылдығына орай өткізілген аталған көрме сол жылдары  құрылған совхоздардың тарихынан сыр шертеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің құжаттарын іздеп табу жұмыстары облыстық мұрағаттың қорындағы топтамалар мен фотоальбомдар арқылы жүргізілген. Көрме көлемі 56 экспонаттан тұрады.

 

Донорлықты дәстүрге айналдыруда

Өрт  сөндірушілер  донор  болып, қайырымдылық акцияларына қатысуды дәстүрге айналдырған.

Қостанай облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”мем. мекемесінің 27 қызметкері “Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз” акциясына қатысып,  қан тапсырды. Бұл қайырымдылық шарасы Қостанай облыстық қан орталығымен бірлесіп өткізілді.

 

Кездесу өтті

ҚР ІІМ Қостанай академиясының  1-3 курс тыңдаушылары тәжік-өзбек  “Шарқ”  этномәдени  орталығының төрағасы Э. Холметовпен кездесті.

Кездесу аясында Э.Холметов облыстағы  этномәдени орта-лықтары туралы, өзге  ұлт өкілдері достықта, ынтымақтастықта, бірлікте тұрып жатқандығын, Президентіміздің сарабдал сая-сатының  нәтижесінде елімізде ұлтаралық және конфес-сияаралық келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізгендігін айтты. Тыңдаушылар  өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

 

Ыстық су беру тоқтатылады

Биылғы  жылдың  11 мамырында  Қостанайда  жылу  ма-гистралі бойындағы тығыздықты сынау мен дайындықтарға байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы “КТЭК” МКМ бас инженері Н.Беляк мәлім етті.

“Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Әрі осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек”, – делінген хабарламада.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓