Арқалық жастары “Алтын кітапқа” енуде
Арқалық қаласында жыл сайын әр салада белсенді жұмыс жасап жүрген жастардың есімін "Алтын кітапқа" енгізу шарасы дәстүрге енген. Игі рәсім биыл да жалғасын тапты.

"Алтын кітапқа" аттары еніп, түрлі номинациялар бойынша марапатталғандар: «Жастар көшбасшысы» – Д. Түгелова (АрқМПИ), «Мәдениет» – Ы. Есжанов (ТГК), «Ерлік жасағаны үшін» – Ж. Омар (АрқМПИ), «Спорт» – А. Байзақов ("Қайрат" спорт кешені), А. Цуркан (ТАТК), «Білім» – Б. Асатова (Ы. Алтынсарин атындағы гимназия), «Жас ғалым» – Г. Бақытжанова (АрқМПИ), «Денсаулық сақтау» – А. Қапарова (Арқалық аймақтық емханасы), «Өнер» – А. Есмағамбетов (Ашутасты ауылдық мәдениет үйі), «Жас кәсіпкер» – С. Әбдіқадырұлы ("Арсенал" ЖШС директоры).
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы