Жастар жақсы бастаманы жақтайды
ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жақсы бастама деп ойлаймын. Бүгінгі таңда билік пен халық арасында ашық диалог жүргізу үшін осындай қоғамдық институт болғаны дұрыс. Халықтың мәселесін тікелей билікке жеткізу осы кеңестің басты мақсаты болу керек. Ол үшін көтерілген мәселелердің орындалуын қадағалау үшін кеңеске заңдық мәртебе беру керек. Президент Қ.К. Тоқаев Ұлттық сенім кеңесіне жастарды тартуды тапсырды. Бұл өте дұрыс. Себебі қоғамдағы басты қозғаушы күш жастар болғандықтан, олардың дауысы өтімді болу керек. Азаматтық қоғам да кеңестің жұмысына белсене араласуы қажет. Бұқара халық арасындағы шешімін таппай келе жатқан мәселелерді азаматтық қоғам дер кезінде билікке жеткізу тиіс.
Амангелді Ахметжанов,
«Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ
атқарушы директоры